
Сайт туралы
"ALTYN BABA" - Алтын руының шығу тегін зерттеуге арналған арнайы платформа. Бұл сайтта сіз
өзіңіздің руыңыздың тарихы мен шежірелік байланыстарын таба аласыз.
Мақсатымыз - әрбір адамға өз ата-бабасының тарихын білуге мүмкіндік беру және ұрпақтар
арасындағы байланысты нығайту.
Өз тамырыңызды танып, ата-бабаларыңыздың мұрасын ашыңыз!
Қалай енгіземін?
Шежіреге қосуға сұраныс жасау:
- Алдымен сайтта тіркелу қажет.
Сайтта тіркеліп, логинмен кіргеннен кейін Енгізу парақшасы
пайда болады.
Сайтқа тіркелмеген адамдарға Шежіреге Енгізу парақшасы көрінбейді
-
Содан кейін, шежіреге енгізуге сұраныс.Сұранысты шежіреге енгізу парақшасынан таба аласыздар. Алдымен
өзіңіздің шежіреңіз қай жерден қосылатынын анықтау қажет. Ол үшін Шежіре жолы таңдамасын басып, таңдау
жасайсыз. Мысалға, Жетіруға кіретін Жағалбайлы руын шежіреге қосайық. Ол үшін Шежіре жолында Алаш
таңдаймыз
-
Таңдағаннан кейін тағыда таңдама жолы (Шежіре жолы) шығады
-
Кіші жүзді таңдайсыз және де тағыда таңдама жолы (Шежіре жолы) шығады
-
Жетіру деген таңдаманы басып Аты деген енгізу өрісіне енгізілетін атты жазыңыз (суреті болса суретін де
қосасыз)
-
Суретті таңдаған кезде бөлек терезе шығады(суретін таңдайсыз)
-
Содан соң қысқаша мәлімет бар болса толтырыңыз жәнеде Сұраныс жіберу батырмасын басыңыз
-
Модераторлар жауабын күтіңіз.
Статусы Рұқсат берілді болған жағдайда сіздің шежіреңіз altyn-baba.kz/site/shezhire.html парақшасында немеcе Шежіре батырмасын басқан кезде көрінеді.
Шежіреге еңгізудің ережелері:
- Шежіреге енгізулерді компьютермен жасау қажет. Мобилді телефон немесе планшеттен енгізу кезінде қате кетуі мүмкін.
- Егер сұранысқа рұқсат берілсе, онда оның ұрпақтарына қайта сұраныс жасаудың қажеті жоқ.
- Тек қана сізге рұқсат берілген сұранысқа және оның ұрпақтарын ғана көре аласыз.
- Шежіредегі барлық есімдер бас әріппен басталуы қажет.
- Егер шежіреге енгізуде сенімді болмасаңыз, шежіреге енгізбеген жөн.
- Сіздің енгізген мәліметтеріңізді ешкім өзгерте алмайды. Сондықтан енгізуде адам есімінен және ұрпақтарынан қате кетпегені жөн.